Accessibility links

Назарбаев: Ресейге экспортты ұлғайту мүмкіндігі бар


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларының жанама түрде Қазақстанға да кері әсері болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол жексенбі күні жергілікті телеарналардан берілген сұхбатында айтты.

«Ресей мен Украина арасында мұндай жағдай болады деп кім ойлапты. Әрине, біздің экономикалық одаққа оның кері салдары тиеді. Себебі Батыс тарапының Ресейдің қаржы жүйесіне, экономикасының кейбір секторына енгізіп отырған шектеулері бұл ел экономикасын төмендетеді. Олардағы зауыттардың жұмысы нашарлап, біздің тауарлар мен шикізатты алатын мүмкіншіліктері азаяды. Осы жерде біз қиындық көруіміз мүмкін» деді Назарбаев.

Бірақ ол "санкциялардың Қазақстанға тікелей қатысы жоғын" айтады. Назарбаевтың сөзінше, қазақстандық фермерлер Мәскеудің Батыс елдерінің кейбір ауылшаруашылығы өнімдері импортына жарияланған эмбаргосын пайдаланып, Ресейге өз өнімдерін көбірек экспорттап пайда таба алады.

Назарбаев бұған қоса елдің биыл Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру мәселесі шешілетінін, Еуропа Одағымен бұрынғы келіссөздерді одан ары жалғастырып, жаңа келісімдерге қол қою жоспарланып отырғанын да айтқан.

XS
SM
MD
LG