Accessibility links

Лавров: Украинаға тағы гуманитарлық көмек жібереміз


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Берлин, 18 тамыз 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Берлин, 18 тамыз 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің Украинаның шығысына тағы да гуманитарлық көмек жіберу жоспары барын мәлім етті.

25 тамызда өткен баспасөз жиынында Лавров Ресей Украина жағын кезекті гуманитарлық көмек жайлы ескерткенін және енді Киевпен "жедел және айқын" ынтымақтастық орнатудан үмітті екенін айтты.

Ресей өткен аптада Луганскіге 280-ге жуық көлікке тиелген гуманитарлық жүкті Киев пен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) рұқсатынсыз кіргізген еді. Киев пен батыс елдері гуманитарлық жүк арқылы Ресей сепаратистерге қолдау көрсетпек деп алаңдайды.

Лавров украин әскері мен ресейшіл сепаратистер соғысып жатқан Украинаның шығысында "гуманитарлық дағдарыс жалғасып жатқанын" айтып, екінші жүк керуенінің "жылдамырақ кіргізілуіне кедергілер жасалмайды" деген үмітте екенін де білдірді.

XS
SM
MD
LG