Accessibility links

Францияда жаңа үкімет жасақталмақ


Франция премьер-министрі Мануэль Вальс.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс.

Франция президенті Франсуа Олланд премьер-министр Мануэль Вальске жаңа үкіметті жасақтауды тапсырды. Олланд әкімшілігі таратқан мәлімдемеде 26 тамыз күні жаңа үкімет "президент түзген бағдарға сай" жасақталатыны айтылған.

Бұдан бір күн бұрын экономика министрі Арно Монтебур жаңа экономикалық саясат жүргізуге шақырып, Германияның "қатаң экономика" саясатын берік ұстанатындығына шүбә келтірген.

Мотебур 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бері жүргізіліп келе жатқан дефицитті қысқарту саясаты еуро қолданыстағы аймақ экономикасына зиянын тигізіп келе жатқанын айтқан. Ол үкіметті экономикалық саясатын өзгертуге немесе "популистік және экстремистік партиялардан сайлауда" ұтыла беруге" шақырған.

Франция қаржы министрі Мишель Сапин осы айдың басында үкімет бюджет тапшылығын "тиісті қарқынмен қысқарта береді" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG