Accessibility links

Қырғыз қауіпсіздік қызметі журналисті сотқа берді


Қырғызстандық журналист Шохрух Саипов.

Қырғызстандық журналист Шохрух Саипов.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) Ош бөлімі тәуелсіз журналист Шохрух Саиповты жала жапты деп айыптап, сотқа берді.

Шохрух Саиповтың Азаттыққа хабарлауынша, өзіне қарсы шағым оның мамыр айында Fergana.ru сайтында жарияланған мақаласына байланысты берілген. Мақалада журналист МҰҚК қызметкерлері Сирияда соғысып жатқан содырларға қосылмақ болды деген күдікпен ұсталған қырғызстандық азаматтардан "ақша бопсалады" деп жазған. Саиповтың сөзіне қарағанда, МҰҚК-нің Ош бөлімі енді одан "моральдық шығын" ретінде 20 мың АҚШ доллары мөлшерінде ақша өндіріп алмақшы.

Сот тыңдауы 28 тамыз күні басталуы тиіс. МҰҚК баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов Азаттыққа бұл іс жайынан хабарсыз екенін айтып, бірақ "қауіпсіздік қызметкерлері ақша бопсалаумен айналысады" деген сөз негізсіз деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG