Accessibility links

Украин әскерінің әзірлігі


Украин әскерінің әзірлігі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

Украина әскері елдің шығысындағы сепаратистер шоғырланған Дебальцево қаласынан 40 километр жерде тұр. Ресейшіл көтерілісшілер қазір негізінен Донецк және Луганск қалаларына бекінген. Дебальцево - осы екі қаланың ортасында орналасқан елді мекен. Украина әскері мұнда қарулы шабуылдарды тойтару мақсатында қойылған. 25 тамыз күні Украина Ресейді «шекарадан әскер кіргізді» деп айыптады. 26 тамыз күні Кеден Одағы, ЕО, Ресей өкілдері Украина дағдарысына қатысты Минскіде келіссөздер өткізеді. Украинадағы сепаратистер көтерілісі елдің шығыс аймақтарында сәуір айында басталған еді. Бір ай бұрын, наурызда Ресей Украинаның Қырым түбегін қосып алды.

XS
SM
MD
LG