Accessibility links

Назарбаев Минскіде Украина келіссөзіне қатысады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минск әуежайында. 26 тамыз 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минск әуежайында. 26 тамыз 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен Минскіге барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мұнда Назарбаев Кеден Одағына мүше елдер басшыларының саммитіне, Украинаның шығысындағы дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысады.

Минскідегі жиында Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко кездеседі деген жоспар бар. Жиынға Еуропа Одағының өкілдері де барған.

XS
SM
MD
LG