Accessibility links

Газа секторында мерзімсіз бітім орнады


Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас баспасөз жиыны кезінде бітім жасалғанын мәлімдеді. Рамалла, Палестина, 26 тамыз 2014 жыл.

Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас баспасөз жиыны кезінде бітім жасалғанын мәлімдеді. Рамалла, Палестина, 26 тамыз 2014 жыл.

Израиль Египеттің араағайындығымен жасалған жаңа бітімнің талаптарын қабылдағанын растады. Палестина билігі қақтығысты тоқтату туралы жаңа бітім мерзімсіз екенін мәлімдеді. Жаңа келісімде Израильдің Газа секторындағы блокаданы жұмсартып, гуманитарлық жүктер мен құрылыс материалдарының кіргізілуіне рұқсат етуі қарастырылған.

Басқа да мәселелер, оның ішінде Израильдің Газа секторын блокадаға алуын біржолата тоқтату және Тель-Авивтің ХАМАС-ты қарусыздандыруы жөніндегі талаптарына қатысты тікелей емес келіссөздер бір айдың ішінде басталуы тиіс.

Израиль Газа секторында 8 шілде күні әскери операция бастаған еді. Жеті аптаға созылған ұрыста 2100-ден астам палестиналық пен 67 Израиль азаматы қаза тапты.

XS
SM
MD
LG