Accessibility links

Тайвань: Қытай әуе кеңістігімізді бұзды


Тайваньдық әскери ұшақтар, Тайвань аралдары. (Көрнекі сурет).

Тайваньдық әскери ұшақтар, Тайвань аралдары. (Көрнекі сурет).

Тайвань Қытайдың әскери ұшақтары әуе кеңістігін бұзып кіргенін хабарлады.

Тайвань әскери-әуе күштерінің өкілінің айтуынша, қытайлық Юнь-8 деп танылған тронспорттық ұшағын бөгеу үшін 25 тамызда жойғыш ұшақтар жөнелтілген. Кейін қытайлық ұшақтар Тайваньнан шығып кеткен.

Қытай ұшақтары "әдеттегідей ұшып жүргенін" айтып, Тайваньнің айыбын жоққа шығарды. Reuters агенттігіне берген жауабында Қытайдың қорғаныс министрлігі "қандай да бір заңнан тыс оқиға болмағанын" айтқан.
Өткен аптада АҚШ Қытай ұшағы халықаралық су аумағында жүрген ұшағының жанынан "қауіпті маневр жасап өткенін" мәлімдеген. Бірақ Пекин бұл айыпты да жоққа шығарған.

Тайвань 1949 жылы Қытайдағы азамат соғысы аяқталғаннан бері Қытайдан бөлек басқарылады. Бірақ Пекин аралды өзінің иелігі санайды.

XS
SM
MD
LG