Accessibility links

Қазақ спортшылары Нанкинде тағы бір қола алды


Қазақстан көркем гимнастика құрамасы. Қытай, Нанкин. 26 тамыз 2014 жыл

Қазақстан көркем гимнастика құрамасы. Қытай, Нанкин. 26 тамыз 2014 жыл

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы топтық жаттығуда қола медаль алды. Әмина Қожахмет, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Елизавета Майновская, Дарья Медведева, Нұрай Құмарова бар Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Канада, Египет құрамаларын жеңіп, Ресей мен Болгария спортшыларынан ұтылды.

Қазақстан спортшылары осымен Нанкиндегі олимпиадада үш алтын (еркін күрестен - Мұхамбет Қуатбек, бокстан - Абылайхан Жүсіпов, дзюдодан - Бауыржан Жауынтаев), бір күміс (бокстан - Вадим Казаков), төрт қола медаль (ауыр атлеттер Жасұлан Қалиев пен Татьяна Капустина, грек рим күресінен Евгений Поливадов және көркем гимнастика құрамасы) алды.

Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасында жарыстар толық аяқталды. Олимпиаданың жабылу салтанаты 28 тамызда өтеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG