Accessibility links

АҚШ: Ресей әскерінің Украинаға кіргенін түсіндірсін


АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.
АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Паски Украинаның оңтүстік-шығысынан түсіп жатқан ақпараттар Донецк мен Луганск облыстарында ресейшіл күштердің украин әскеріне қарсы шабуылы күшейе бастағанын және ол операцияларды Рсеей қолдайтынын көрсетеді деп мәлімдеді.

27 тамызда Вашингтонда сөйлеген Псаки Украинаның оңтүстік-шығысына ресейлік танктердің, бронды техника мен артиллериялық кешендердің "басып кіргені" туралы хабарға сілтеме жасады.

Мемлекеттік департаменттің ақпараты бойынша, Донецк маңы мен қалалық әуежайы аумағында кескілескен шайқас пен атыс жүріп жатқаны жайлы да дерек бар.

Псакидің айтуынша, Вашингтон Мәскеудің ресейлік әскерилер Украина территориясына қарай ішкерілей 50 километр кіріп кеткенінің өзінде "шындықты айтқысы келмейтініне" алаңдаулы. Мұның алдында Германия канцлері Ангела Меркель Мәскеу ресейлік әскерилердің Украина территориясына басып кіргені туралы ақпаратқа қатысты түсінік беруі тиіс деп мәлімдеген.

Ресеймен шекарадан 10 километр қашықтықтағы Новоазовск мэрі қалаға әскери техниканың қолдауымен ресейшіл әскер кіргізілді деп хабарлаған соң Киев қалаға әскер жөнелтетінін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG