Accessibility links

Түркияның жаңа премьері бекітілді


Түркияның бұрынғы премьер-министрі және осы қызметке қайта бекітілген Ахмет Давутоглу. Анкара, 27 тамыз 2014 жыл.
Түркияның бұрынғы премьер-министрі және осы қызметке қайта бекітілген Ахмет Давутоглу. Анкара, 27 тамыз 2014 жыл.

Түркияның "Әділет және даму" партиясы Анкарада өткен съезінде бұрынғы сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглуды премьер-министр етіп бекітті.

Жиын алдында сөйлеген Давутоглу Түркия алдында тұрған стратегиялық міндет - елдің Еуропа Одағына кіруі екенін және өзі ол мақсатты орындауға табанды түрде кірісетінін мәлімдеді. Ол бұған қоса, Түркияға либералдық негіздегі конституция қажет екенін де айтты.

Президент болып сайланған Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, 28 тамыз күні ол Давутоглуға үкіметтің жаңа құрамын жасақтап, тізімді 29 тамыз күні ұсынуды тапсырмақ.

Ердоғанды ұлықтау рәсімі бүгін, 28 тамыз күні өтеді. Ол Түркия үкіметін 2003 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG