Accessibility links

Израиль мен ХАМАС бірдей "жеңгенін" мәлімдеді


Үйінділер арасында отырған палестиналықтар. Газа секторы, 27 тамыз 2014 жыл.

Үйінділер арасында отырған палестиналықтар. Газа секторы, 27 тамыз 2014 жыл.

Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы жеті аптаға созылған қақтығыста әрқайсысы өзінің "жеңіске жеткенін" жария етіп жатыр.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың айтуынша, "ХАМАС үлкен соққы алған және оның бір де бір талабы орындалған жоқ". Ал Газа секторында бет-жүзіне маска киген сарбаздар қираған үйлердің жанына жиналып автоматтарын, зымырандары мен басқа да қару-жарақтарын көрсеткен.

26 тамыз күні биыл шілденің 8-інде басталған қақтығыстарды тоқтату туралы келісім жасалған. Қақтығыстардан 2100-ден аса палестиналық қаза тапқан.

БҰҰ азық-түлік бағдарламасының өкілдері Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізілгенін хабарлады. Жеткізілген азық-түлік 150 мың адамға бес күнге жетуі тиіс.

XS
SM
MD
LG