Accessibility links

Атырау әуежайы жолаушыны Эбола вирусына тексереді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Атырау халықаралық әуежайында Батыс Африкада тараған қауіпті Эбола вирусына байланысты жолаушылар арнайы тексеруден өткізілетін болды. Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің хабарлауынша, әуежайда TI-25 FLUR тепловизорымен және басқа да тексеру құралдарымен жабдықталған санитарлық-карантиндік пункт құрылған.

"Эбола вирусының Африка елдерінде таралып, басылмай тұрғанына және басқа да құрлықта тіркелуіне байланысты халықаралық рейстермен келген барлық жолаушылар міндетті түрде санитарлық дәрігерлердің тексеруінен өтеді" делінген агенттік таратқан хабарламада.

Атырауға мұнай компанияларында жұмыс істейтін шетел азаматтары, оның ішінде Африка елдерінен жолаушылар көптеп келеді.

Қауіпті Эбола вирусы Либерия, Гвинея, Сьерра-Леоне елдерінде таралған. Осы күнге дейін әлемде бұл вирустан көз жұмғандар саны 1400-ге жуықтады.

XS
SM
MD
LG