Accessibility links

Мәскеуде жалғыз шыққан наразыны полиция ұстады


Кремль мен Манеж алаңы. Мәскеу, Ресей. (Көрнекі сурет)
Кремль мен Манеж алаңы. Мәскеу, Ресей. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ресей астанасында жалғыз өзі соғысқа қарсылық пикетіне шыққан «Солидарность» қозғалысының белсендісі Дмитрий Монаховты полиция ұстап әкетті.

Бұған дейін ол наразылық шарасына шығатыны туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына: «Мен ресейлікпін, тобырға ілеспеймін, адам өлтіруші емеспін. Және де басқыншы емеспін. Менің президентім Путин екендігіне ұяламын. Соғысқа қарсылығымды білдіріп Манеж алаңына барамын» деп жазған еді.

28 тамыз күні Манеж алаңына келген Дмитрий Монаховты арада бірнеше минут өткенде полиция ұстап алып кетті. Белсендінің өзі «жалғыз адамдық пикет өткізуге биліктің рұқсаты қажет еместігін» алға тартып, заң талаптарын бұзбағанын айтады.

Ресей әскерінің Украинаға енуіне қарсылық акцияларына шығуға шақырған жазбалар «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде де жарияланды. Бұған қоса Украинамен соғысты тоқтатуды талап еткен жазбалар интернетте #RussiaInvadedUkraine хештегімен тарап жатыр.

XS
SM
MD
LG