Accessibility links

Порошенко "Ресей әскеріне" орай төтенше жиын шақырды


Ресейшіл сарбаз. Украина, Донецк маңы, 28 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейшіл сарбаз. Украина, Донецк маңы, 28 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина президенті Петр Порошенко Донецк облысындағы жағдайға орай Түркияға жоспарлаған сапарынан бас тартып, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің төтенше жиынын шақырды деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Порошенконың сөзінше, ол "Украинаға ресейлік әскер кірген соң" осындай шешім қабылдаған. Киев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Еуропа Одағын шұғыл отырыс жасауға шақырады деді Украина президенті.

Ресейшіл сепаратистер Украинаның Донецк облысындағы Новоазовск қаласын басып алған соң Киев Мәскеуді "ел аумағына әскерін кіргізді" деп айыптады. Украина ішкі істер министрі кеңесшісі Зорян Шкиряк әскер бірнеше тараптан кіріп жатыр, Ресей осы арқылы Донбастағы елдімекендерді иеленіп алмақ деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG