Accessibility links

Қажымқан Мәсімов ісіне орай құқық қорғаушы ұсталды


Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев.

Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовтің шағымы бойынша әкімшілік жауапқа тартылған құқық қорғаушы Талас Сағымбаев өзін Астанада үйінің маңында полиция ұстап, Сарыарқа аудандық ішкі істер бөлімінің полициялық учаскесіне жеткізгенін хабарлады.

Сағымбаевтың Азаттыққа айтуынша, оны 2011 жылы Астана қалалық Сарыарқа аудандық сотының "Қажымқан Мәсімовтің ар-намысына тиетін ақпарат таратқаны үшін" моральдық шығын ретінде 300 мың теңге өтемақы төлеу туралы шешімін орындамады деп жауапқа тартпақ. Оның сөзіне қарағанда, полиция өзін ұстағанда ешқандай хаттама толтырмай, күштеп ұстап әкеткен.

Азаттық тілшісі оқиғаға қатысты түсінік алу үшін Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміне хабарласқанымен, жауап алу мүмкін болмады.

Талас Сағымбаев 2009 жылы «Время» газетіне, 2010 жылдың ақпан айында «КТК» телеарнасына берген сұхбатында «Қажымқан Мәсімов кәсіпкерлерге қарыз» деген еді. Кейін Қажымқан Мәсімов Сағымбаевтың үстінен "ар-намысыма тиетін ақпарат таратты" деп шағымданған.

Сот сонымен бірге «Время», «КТК» арналарына байланысты да шешім шығарып, олардың осыған дейін Мәсімов туралы шыққан ақпараттарын терістеуді талап еткен.

XS
SM
MD
LG