Accessibility links

НАТО Шығыс Еуропада әскер ұстауды жоспарлайды


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Брюссель, 1 қыркүйек 2014 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Брюссель, 1 қыркүйек 2014 жыл.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің айтуынша, келесі аптада альянс жетекшілеріне Шығыс Еуропада осы ұйымға мүше елдердің өз-өзін қорғауына көмектесу үшін жедел әрекет ететін әскери күш құру жоспарын мақұлдауға өтініш түседі.

Брюссельде сөйлеген Расмуссенің сөзіне қарағанда, Шығыс Еуропада альянсқа мүше 28 елден бірнеше мыңға жететін контингент құру жоспарланып отыр. Әскери әуе күштері және теңіз әскери күштерінің қолдауына сүйенетін әскер жедел немесе төтенше жағдайда әрекет етеді. Расмуссен НАТО 1997 жылы Ресеймен жасасқан Шығыс Еуропада әскер ұстауды шектеу туралы келісімді бұзбайтынын айтады.

4 қыркүйекте Уэльсте НАТО саммиті басталады. Самиттің күн тәртібінде негізінен Ресейдің Украинадағы саясатына жауап шаралары талқыланады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG