Accessibility links

Киев: Жүздеген сарбаз тұтқынға түсті


Донецк облысындағы тұтқындар лагерінде отырған украиналық сарбаз. Украина, 29 тамыз 2014 жыл.

Донецк облысындағы тұтқындар лагерінде отырған украиналық сарбаз. Украина, 29 тамыз 2014 жыл.

Украина билігінің хабарлауынша, соңғы күндері Донецк облысында ресейшіл сепаратистер 680-ге тарта украин сарбазын тұтқынға алды.Бұған дейін Киев украин әскері сепаратистер бекінген Луганск әуежайынан шегінгенін хабарлаған.

Тұтқындарды алмастыру жөніндегі орталықтың директоры Владимир Рубанның айтуынша, сарбаздардың 80 пайыздайы Донецк облысының Иловайск ауданында жүздеген украин солдаты сепаратистер мен ресейлік әскери бөлімдердің қоршауына түсіп қалғанда тұтқынға алынған.

Мұның алдында Украина ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесінің өкілі Андрей Лысенко "Ресей қарулы күштерінің кәсіби артиллеристерінің" атқылауы күшейгендіктен украин әскері Луганск әуежайынан "ұйымдасқан түрде" шегінгенін хабарлаған.

1 қыркүйекте Минскіде Украина, Ресей, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен сепаратистер өкілдері кездескен. Бес сағатқа созылған келіссөздер 5 қыркүйекте қайта жалғасуы тиіс.

XS
SM
MD
LG