Accessibility links

Обама Балтық елдеріне сапарлайды


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 28 тамыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 28 тамыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Шығыс Еуропа елдеріне сапарлап, одан ары 4-5 қыркүйекте Уэльсте өтетін НАТО саммитіне қатысу үшін Ұлыбританияға барады. Обама бүгін кешке Эстонияға сапарлайды.

3 қыркүйекте Барак Обама Эстония президенті Томас Хендрик Ильвеспен және басқа да эстон билігінің өкілдерімен кездеседі. Сол күні кешке қарай ол Латвия және Литва президенттерімен де кездеседі.

Уэльстегі НАТО саммиті 4-5 кыркүйекте өтеді.

Барак Обама Балтық бойы елдеріне Ресей мен батыс елдерінің шиеленісі асқынған жағдайда сапарлап отыр. АҚШ пен оның Еуропадағы одақтастары "Кремль Украинаның оңтүстік-шығысында соғысып жатқан сепаратистерді қолдап отыр" деп Ресейге санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG