Accessibility links

Назарбаев: Украина дағдарысының әсерінен сақтану керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы дағдарыстан Қазақстан экономикасына келетін кері салдарлардың алдын алуға шақырды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген Назарбаев "Парламенттің жаңа сессиясы жұмысын күрделі жағдайда бастап отыр. Әлемдік экономика әлі болжам жасауға келмейтіндей жағдайда. Геосаяси, оның ішінде Украинадағы жағдайларға байланысты қауіп-қатерлер күшейіп барады. Әлемдік жалпы ішкі өнім көлемінің 60 пайызын өндіретін мемлекеттер бір-біріне санкциялар салып жатыр. Мұның барлығы экономикалық қатынастар мен әлемдік тәртіпке кәдімгідей түзетулер мен өзгерістер енгізуге әкеп соқтырады. Бұл біздің серіктестеріміздің экономикалық дамуының төмендеуіне әсер етеді. Оның ықпалы бізге де тиеді",- деді Назарбаев.

Қазақстан президенті "мемлекеттің экономикасына, қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқатына әсер етуі мүмкін кері салдарлардың алдын-алудың маңызды екенін" де айтты.

XS
SM
MD
LG