Accessibility links

Көлікті техникалық байқаудан өткізу мерзімі ұзартылмақ


Көлік тұрағы. (Көрнекі сурет)

Көлік тұрағы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке пайдаланылған мерзімі жеті жылдан аспаған көліктерді техникалық байқаудан босатуды тапсырды.

Бүгін Астанада парламенттің төртінші сессиясының ашылуында сөйлеген Назарбаев 2015 жылдан бастап тұрғындардың жеке меншігіндегі, өндіріс орнынан шыққан мерзімі жеті жылдан аспайтын көліктерді техникалық байқаудан босату қажеттігін айтқан. Ол бұған қоса жүргізуші куәлігін беру, шетелге шығатын кезде және тұрғындардың жұмысқа орналасуы үшін қажетті анықтамаларды бір жерден алу жайын да қарастыру керегін білдірген.

Қазақстанда қолданыстағы ереже бойынша зауыттан шыққанына үш жыл толмаған көліктер үш жылда, үш жыл мен жеті жылдың аралығындағы көліктер - әр екі жылда, ал жеті жылдан көп пайдалануда болған көліктер жыл сайын техникалық байқаудан өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG