Accessibility links

Астанада бұрынғы вице-министрдің соты басталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтың үстінен қозғалған іс бойынша сот басталды.

Мүсілім Өміраевты полиция былтыр 21 желтоқсан күні "жеке кәсіпкерден тендерді жеңіп алуына көмектесу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған" деген күдікпен ұстаған еді. Ұсталған күні оның үстінен "аса ірі көлемде пара алу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бүгін сотта Өміраев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өзінің орынбасары болып істеген Мүсілім Өміраев ұсталғаннан кейін "егер оның кінәлі екені сотта дәлелденсе отставкаға кететінін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG