Accessibility links

Депутаттар: Жириновскийдің мәлімдемесіне жауап берілуі қажет


Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский.

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары ресейлік саясаткер, Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновскийдің бірер күн бұрын Қазақстанға қатысты мәлімдемесіне қарсылық білдіріп, нақты жауап берілуі қажет деп мәлімдеді.

Ресейдің либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский "Ресей патшалығының қазақтарды жоңғарлардан құтқарып, Солтүстік Қазақстанды азат еткенін" мәлімдеген. Ол Ресей Украина дағдарысы шешілмейінше Қазақстанға мін таға алмайтынын айтып, "әзірге күте тұрып, Украинамен мәселені шешіп алайық" деген еді.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Қазақстан парламенті мәжілісі депутаты, "Ақжол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Жириновскийдің мемлекеттік дума депутаты екенін айтып, оның мәлімдемесіне байланысты "саяси баға берілуі қажет" деген.

Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов: "Жириновский мемлекетте үлкен лауазымды қызмет атқаратындықтан мұндай жауапсыз мәлімдемелер жасай алмайды. Мұнысы үшін ол жазалануы тиіс" деді.

Сенат депутаты депутаты Ғани Қасымов Жириновскийдің сөзіне орай қоғамдағы наразылықты басу үшін оның мәлімдемесіне "кәсіби, саяси деңгейде баға беріліп, жауап қату" қажет дейді.

XS
SM
MD
LG