Accessibility links

Пәкістан депутаттары Наваз Шарифті қолдады


Шерушілер мен полицияның қақтығысы. Исламабад, 1 қыркүйек 2014 жыл.

Шерушілер мен полицияның қақтығысы. Исламабад, 1 қыркүйек 2014 жыл.

Пәкістан парламентінің депутаттары Исламабадта премьер-министр Наваз Шарифтің отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық шаралары өтіп жатқанда Шарифке қолдау білдірді. 2 қыркүйекте өткен парламенттің арнайы отырысында негізгі партиялардың жетекшілері Шарифті қолдап сөйлеп, ол қысымға белірмеуі тиіс деп мәлімдеді.

Бұған дейін Пәкістанның ішкі істер министрі Чадри Нисан Али Хан депутаттардан демонстрацияға қатысушыларды "қаскүнем және терроршы" деп бағалап, полицияға "нақты нұсқау" беруді талап еткен. Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен үш күн қатарынан қақтығысқан демонстранттарды "мемлекетке қарсы көтеріліс жасап жатыр" деген.

30 тамызда наразылық танытушылар Шарифтің резиденциясын басып алуға әрекеттенді. Тәртіпсіздіктер басталғалы бері үш шеруші қаза тапты.

XS
SM
MD
LG