Accessibility links

Қытайда қазақстандық әскери ұшақтан ақау шықты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) әскери жаттығуларынан кейін Иньчуань-Хэдун қаласының аэродромында қалған қазақстандық СУ-27 әскери жойғыш ұшағының қозғалтқышынан ақау шыққан деп хабарлайды BNews.kz сайты.

Қазақстан әскери әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының баспасөз хатшысы Серік Әпешевтің айтуынша, жаттығу аяқталған соң ұшақтар аэродромға оралған. Ұшып келе жатқан кезінде СУ-27 жойғыш ұшақтарының бірінің сол жақ қозғалтқышында ақау бары байқалған. Ақау себептерін комиссия анықтамақ.

Қазақстандық әскери ұшақтар ШЫҰ-ның «Бейбіт миссия-2014» деп аталатын антитеррорлық жаттығуларына қатысқан.

XS
SM
MD
LG