Accessibility links

Киев пен Мәскеу Донбастағы қақтығысты тоқтатуға келіскен


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко (оң жақта) қол алысып тұр. Минск, 26 тамыз 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко (оң жақта) қол алысып тұр. Минск, 26 тамыз 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Донбаста қақтығысты «тоқтатуға уағдаласқан». Бұл туралы Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әңгіме нәтижесінде Донбастағы қақтығысты біржолата тоқтатуға келісім жасалды. Бейбітшілік орнатуға септесетін ортақ қадамдарға қатысты өзара түсіністікке қол жеткізілді» делінген ақпаратта.

Мұның алдында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Порошенконың телефонмен сөйлесіп, «қақтығысты барынша тезірек тоқтату үшін не істеу қажеті туралы пікір алмасқаны» жайлы хабарлаған.

«Президенттердің қақтығыстан шығу жолдары туралы көзқарастары «біршама жақындай түсті» деген ол.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында ресейшіл сепаратистер мен украин әскері сәуір айынан бері соғысып жатыр.

XS
SM
MD
LG