Accessibility links

Ресей Қазақстанмен шекарада әскери жаттығу өткізбек


Ресейдің зымыраннан қорғаныс кешені әскери жаттығу кезінде. Астрахан облысы, шілде, 2014 жыл.

Ресейдің зымыраннан қорғаныс кешені әскери жаттығу кезінде. Астрахан облысы, шілде, 2014 жыл.

Ресей қарулы күштері қыркүйек айында Алтай өңірінде, Қазақстан шекарасына жақын аймақта үлкен әскери жаттығу өткізбекші. Бұл туралы Ресей стратегиялық мақсаттағы зымыран күштері қолбасшылығының өкіліне сілтеме жасаған ресейлік "РИА Новости" агенттігі хабарлады.

Жаттығуға стратегиялық мақсаттағы зымыран күштері, әскери авиация, төрт мыңнан аса әскери қызметші мен сарбаз және 400-ге тарта техника қатыспақшы.

Әскери жаттығу кезінде қарулы күштер диверсиялық топтарға қарсы іс-қимыл мен жоғары дәлдіктегі қару соққысын тойтаруға машықтанады деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG