Accessibility links

Яценюк Путиннің бейбіт жоспарын қабылдамады


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Мәскеудің Украинаның оңтүстік-шығысында бейбітшілік орнату туралы ұсынысын қабылдамай тастады. Оның пікірінше, Мәскеу бұл ұсынысы арқылы «НАТО саммиті қарсаңында батыс елдерін шатастырып, кезекті санкция салудан бас тартқызбақшы».

Яценюк бұған қоса Киев Ресеймен шекарада қосымша қауіпсіздік шараларын жасап, НАТО-ның ерекше серігі мәртебесін алуға тырысатынын айтты.

Украинадағы ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскерінің қақтығысы сәуір айынан бері жалғасып келеді. Киев пен батыс елдері Мәскеуді Украинаға әскер жөнелтіп жатыр және сепаратистерді қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр деп айыптайды. Бірақ Кремль мұны жоққа шығарады.

3 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Петр Порошенкомен телефонмен сөйлескен кезде Украинаның шығысындағы қақтығысты тоқтату туралы жеті тармақтан тұратын ұсынысы айтқан. Ол бұған қоса Порошенконың қақтығысты саяси жолмен шешу туралы ұстанымдары өзінің көзқарастарына «өте жақын» деген.

XS
SM
MD
LG