Accessibility links

Алматыда "Барахолкадан" тағы өрт шықты


Барахолкадағы өрт. Алматы, 13 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Барахолкадағы өрт. Алматы, 13 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық жергілікті ақпарат агенттіктері бүгін Алматыдағы "Барахолка" деп аталатын бірнеше базар орналасқан аумақтағы "Алатау" базарынан өрт шықты деп хабарлады. Өрт базардың киім-кешек пен әртүрлі бұйымдар сататын қатарынан шыққан. Ақпараттарға қарағанда, өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне таңғы сағат 8-де түскен.

Базар жұмысшыларының айтуынша, өрт бірер сағат бұрын басталған. Қазір базар маңына өрт сөндірушілер, жедел медициналық жәрдем көліктері мен полиция барған. Бірақ базарға кіреберісте кедергілер болғандықтан өрт сөндірушілер өртке жақындай алмай тұр.

Былтырғы күзден биылғы көктемге дейін «Барахолканың» он шақты базары өртенген еді. Кейін бірнеше базардың жолға жақын қатарлары сүрілген.

XS
SM
MD
LG