Accessibility links

БАҚ: «Ислам мемлекеті» Ресейге қоқан-лоқы жасады


«Ислам мемлекеті» тобының мүшелері. (Көрнекі сурет)
«Ислам мемлекеті» тобының мүшелері. (Көрнекі сурет)

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, интернетте «Ислам мемлекеті» ұйымы содырларының Шешенстан мен Солтүстік Кавказдың мұсылмандар басым тұратын басқа да аймақтарында соғыс ашатыны туралы мәлімдеген видеосы пайда болған.

Орыс тіліндегі аудармасымен түсірілген видео «Әл-Арабия» телеарнасынан көрсетілген. Ресейлік «НТВ» телеарнасы хабарында видеодан үзінді де келтірген. Онда исламшылардың Сирияның солтүстігінде басып алған жойғыш ұшақтың кабинасынан сөйлеп тұрған бір содыр көрінеді.

Телеарнаның хабарлауынша, «Ислам мемлекетінің» өкілі Шешенстан мен Солтүстік Кавказды «Алланың рақымымен» азат ету жоспарын барын айтқан. Содырлар бұған қоса шабуылдарында жойғыш ұшақтарды пайдаланатындарын да ескерткен.

XS
SM
MD
LG