Accessibility links

Порошенко батыс елдері басшыларымен кездеседі


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия президенттері бүгін Уэльсте НАТО саммиті аясында Украина президенті Петр Порошенкомен кездеседі деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Кездесуде Украинадағы жағдай мен Ресейге қарсы қосымша экономикалық санкциялар салу жайы талқыланбақ.

Reuters агенттігінің британ үкіметіне жақын дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Уэльстегі кездесуде мемлекет басшылары Украинадағы жағдай туралы, Владимир Путинмен әңгімесі туралы Порошенконың өз аузынан естиді. Бұған қоса батыс елдері Украинаның егемендігін қолдайтынын айқын білдірмек.

XS
SM
MD
LG