Accessibility links

"Сорбонна - Қазақстан" институты ашылды


Францияның Сорбонна университеті, Париж. (Көрнекі сурет).

Францияның Сорбонна университеті, Париж. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) жанында Францияның Сорбонна университетінің "Сорбонна - Қазақстан" институты ашылды.

ҚазҰПУ сайтының хабарлауынша, Сорбонна университеті мен ҚазҰПУ арасында "Сорбонна - Қазақстан" институтын ашу туралы келісімге былтыр қол қойылған.

2014-2015 оқу жылында Қазақстан білім және ғылым министрлігі институтқа "халықаралық қатынастар" және "менеджмент" мамандықтары бойынша 60 магистр дайындауға грант бөлген. Енді институтта әлеуметтану, саясаттану, сәулет және дизайн мамандықтары бойынша бакалавр және докторанттар дайындау жоспарланып отыр.

Париждегі Сорбонна унивреситеті – орта ғасырларда (1257 жылы) құрылып, әлемге танылған оқу орындарының бірі. Университетте 120 мыңнан аса студент оқиды.

XS
SM
MD
LG