Accessibility links

ДСҰ: Әлемде әр 40 секундта 1 адам өзіне қол жұмсайды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) есебі бойынша, әлемде әр қырық секундта бір адам өз-өзіне қол жұмсайды. ДСҰ есебінде соңғы он жылдағы деректерді талдаған есебін суицидтің алдын-алуға арнаған.

ДСҰ мамандары жыл сайын әлемде 800 мың адам өз өмірін өзі қияды және суицид 15 пен 29 жас аралығындағы адамдар арасындағы өлімге ең көп себепші болатын екі себептің бірі дейді. Өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші 70 және одан үлкен жас аралығындағы адамдарда ең жоғары. Жалпы өз-өзіне қол жұмсағандардың 75 пайызы әл-ауқаты орта және төмен елдерде тұрады.

Ұйым суицидті "денсаулық сақтау саласы үшін үлкен проблема" саналады. дейді. Сарапшылар атыс қаруына рұқсат беру мен уландырғыш заттарды шектеу арқылы суицид деңгейін төмендетуге болады деп санайды. Олар "суицидпен күрестің мемлекеттік стратегиясын жасау да тиімді" деген пікірде.

XS
SM
MD
LG