Accessibility links

Иракта "Ислам мемлекеті" 50-дей адамды ұрлап әкетті


"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары. Ракка, Ирак. (Көрнекі сурет).
"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары. Ракка, Ирак. (Көрнекі сурет).

Иракта "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Бағдадтың солтүстігіндегі Киркук провинциясындағы бір елдімекенде 50-ге тарта ер адамды ұрлап әкетті. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, содырлар ерлерді жүк көлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа қарай әкеткен.

3 қыркүйекте, содырлар елдімекеннен шегінгеннен соң тұрғындар "Ислам мемлекеті" ұйымының туын өртеген. Ертесі күні ұйым мүшелері қайтып оралған.

"Ислам мемлекеті" ұйымының Иракта адамдарды ұрлауы бірінші рет болып отырған жоқ. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, маусым айында содырлар Тикрит қаласын басып алған соң 560 ер кісіні өлтірген.

XS
SM
MD
LG