Accessibility links

НАТО Украинаға көмек қорларын құрмақ


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен саммит кезінде журналистер алдында сөйлеп тұр. Уэльс, 4 қыркүйек 2014 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен саммит кезінде журналистер алдында сөйлеп тұр. Уэльс, 4 қыркүйек 2014 жыл.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен "Мәскеу егер Украинаның ішкі ісіне киліге беруін тоқтатпаса, халықаралық қауымдастық Ресейге қатаң санкциялар салуы тиіс" деп мәлімдеді.

4 қыркүйек күні Уэльсте Украина президенті Петр Порошенкомен кездескен соң НАТО саммитінде сөйлеген Расмуссен Ресейдің бұған дейінгі "қақтығысты тоқтату туралы" мәлімдемесі "Украинада тұрақсыздық орнатуды жалғастырып отырғанын бүркемелеу үшін айтылғанын" мәлімдеді.

Саммитте сөйлеген Порошенко Ресей Украинадағы тұрақтылықты "аяусыз шайқағанын" айтты. НАТО бұған қоса, Украинаның өзін қорғауына 15 миллион еуро көлемінде көмек беретін (шамамен 20 миллион АҚШ доллары) төрт қор құрылатынын жариялады.

Расмуссен қорлар Киевтің тылдағы қажеттіліктеріне, киберкеңістігін қорғауына, жараланған жауынгерлерін емдеуіне және әскерге басшылық жасау жұмыстарына көмектесетінін айтты. Оның сөзінше, НАТО Украинаның қорғаныс саласы реформаларына кеңес беріп отырады, бірақ қару-жарақ жеткізбейді.

Расмуссен бұған қоса НАТО мүшелері Украинаға қосымша қаржы беруге міндеттелгенін де жеткізді.

XS
SM
MD
LG