Accessibility links

Ресей украиналық кондитер өнімдеріне тыйым салды


Украиналық кондитер өнімі. (Көрнекі сурет).
Украиналық кондитер өнімі. (Көрнекі сурет).

Ресейдің "Роспотребнадзор" мекемесі 5 қыркүйектен бастап елге Украинаның кондитерлік өнімдерін кіргізуге тыйым салды.

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыйым салуға украиналық "АВК" және "Конти" кондитерлік компанияларының өнімдерінде "таңбалау ережелерінің бұзылғаны" себеп болған. Украина президенті Петр Порошенкоға тиесілі "Рошен" компаниясының өнімдеріне бір жылдай бұрын "сапасы мен қауіпсіздігіне" байланысты тыйым салынған еді.

2013 жылы украиналық кондитерлік компаниялар Ресейге 500 миллион АҚШ долларының өнімін экспорттаған.

Шілденің соңында "Роспотребнадзор" мен "Россельхознадзор" мекемелері Украинадан бірнеше азық-түлік тауарларын, оның ішінде көкөніс, консервіленген балық, сүт және сүт өнімдерін, спирттік ішімдіктерді тасымалдауды тоқтатқан.

Таяуда Ресей аннексиялап алған Қырым билігі үкіметке түбекке украиналық ауылшаруашылығы тауарларын тасымалдауға рұқсат беруді сұраған.

XS
SM
MD
LG