Accessibility links

Белсенділер Әблязовті экстрадицияламауды сұрады


Азаматтық белсенділер Франция консулдығына Мұхтар Әблязовті экстрадицияламауды сұраған хат тапсырып тұр. Алматы, 5 қыркүйек 2014 жыл.

Азаматтық белсенділер Франция консулдығына Мұхтар Әблязовті экстрадицияламауды сұраған хат тапсырып тұр. Алматы, 5 қыркүйек 2014 жыл.

Азаматтық белсенділер - оппозициялық "Алға" партиясының бұрынғы мүшелері Жасарал Қуанышәлин, Марат Жанұзақов және Нұрлан Жолдасов - Францияның Алматыдағы бас консулдығына осы ел үкіметінен қазақстандық қуғындағы саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовті экстрадицияламауды сұрап хат тапсырды.

Жасарал Қуанышәлиннің айтуынша, қазіргі халықаралық жағдайда Францияның Әблязовті Ресейге бере қоюы екіталай. Бірақ Париж Украинаның Әблязовті экстрадициялау туралы өтінішін орындауы әбден мүмкін.

- Біз хатты әдейі бүгін, Уэльсте өтіп жатқан НАТО саммитінің екінші күні тапсырып отырмыз. Саммитке АҚШ, Канада, Еуропа елдері, оның ішінде Франция мен Украинаның президенттері қатысып жатыр. Украина билігі Әблязовті экстрадициялауды Януковичтің тұсында сұратқан. Саммит арасында Петр Порошенко мен Франсуа Олланд бұл жайында сөйлесуге болады, - дейді Қуанышәлин.

Белсенділер хатты бейбіт түрде тапсырды. Хатты консулдықтың ішкі қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Франсуа Менессон қабылдап алды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынайтын бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов өткен жылдың жазынан бері Францияда қамауда отыр. Бұрын БТА банкін басқарып, "қаржылық алаяқтық жасады" деп айыпталған Әблязовті Қазақстан, Ресей және Украина сұратып отыр.

Қазақстан билігі Әблязовті өзі басқарған БТА банкінен 6 миллиард АҚШ долларын жымқырды деп айыптайды. Украина мен Ресей сияқты емес, Қазақстан Франциямен өз азаматтарын экстрадициялау туралы келісім жасаспаған.

Әблязовтің өзі тағылған айыптарды "саяси астары бар" деп, мойындамайды.

XS
SM
MD
LG