Accessibility links

Астанада зағиптар наразылық танытты


Қазақ зағиптар қоғамының өкілдері. Астана, 5 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақ зағиптар қоғамының өкілдері. Астана, 5 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақ зағиптар қоғамының бірнеше облыстан келген 20-дан астам өкілі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шағым хаттарын тапсыру үшін Астанаға жиналды. Жиналғандар хаттарын президенттің резиденциясы - Ақорда алдындағы жәшікке салды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, зағиптар президенттен зағиптар қоғамы ішіндегі бұрыннан бар дауға араласып, шешіп беруді сұрайды. Олар қоғамдық ұйым төрағасы Байболат Әубәкіровті ұйымның қаржы-шаруашылық жұмыстарын бұзды деп айыптап, оны қызметінен алуды талап етеді. Жиналғандар "Әубәкіровтің кесірінен ұйымның аймақтық бөлімдеріне қаржы аударылмайды" дейді.

- Біз мұның президентке дейін жетіп, қандай да бір шешім қабылданғанын қалаймыз. Бізде барлық органдар бір-бірімен байланысты болғандықтан бұл іспен айналысудан қорқады, - дейді Қазақ зағиптар қоғамының өкілі Қайырбек Шәден.

Зағиптар қоғамына мүше азаматтардың бір бөлігі бірнеше жыл бойы ұйым басшылығына қарсылық білдіріп келеді. Олар бұған дейін Байболат Әубәкіровтің отставкаға кетуін талап етіп, бірнеше рет наразылық акциясын өткізген. Байболат Әубәкіров жергілікті ақпарат құралдарына берген сұқбатында тағылған айыптарды терістеген.

Полиция қоғамдық ұйым өкілдерінің акциясына араласқан жоқ, тек сырттай бақылап қана тұрды.

XS
SM
MD
LG