Accessibility links

Расмуссен: НАТО-ны кеңейтуге ешкім вето қоя алмайды


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен осы ұйымның саммитінде сөйлеп тұр. Уэльс, 4 қыркүйек 2014 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен осы ұйымның саммитінде сөйлеп тұр. Уэльс, 4 қыркүйек 2014 жыл.

5 қыркүйек күні Уэльстегі НАТО саммитінде сөйлеген осы ұйымның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Мәскеуге "НАТО-ның кейеюіне, соның ішінде Украина мен басқа да елдердің ұйымға мүшелікке өтуіне үшінші бір елдердің вето қоя алмайтынын" ескертті.

Бұдан бөлек, Расмуссен "альянс басшыларының Ресей агрессиясы қаупін жоюға арналған қарулы күштер құруға" келіскенін мәлімдеді. Ол "бірнеше мың жауынгерден тұратын бұл құрлық әскері НАТО қарулы күштерінен жасақталатынын, олардың Еуропаның шығысындағы НАТО-ға мүше елдерге бірнеше күннің ішінде орналастырылуы мүмкін" екенін айтқан.

НАТО бас хатшысы "шұғыл қимылдайтын бұл әскер Еуропаның шығысындағы НАТО-ға мүше елдер аумағында үнемі әзір тұратынын, мұның өзі НАТО-ға әуе, теңіз және құрлықта қатар әрекет етуге мүмкіндік беретінін" мәлімдеген.

Екі күн өткен НАТО саммитінде негізінен Украина дағдарысы талқыланды. Батыс елдері Ресейді Украинаға әскер кіргізді деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG