Accessibility links

Солтүстік Корея баллистикалық зымыранын сынады


Солтүстік Кореяның зымыран сынағы. Суретті Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі жариялаған. 15 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Кореяның зымыран сынағы. Суретті Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі жариялаған. 15 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Корея сенбі күні жақын қашықтыққа атылатын үш баллистикалық зымыранын сынады. Сынақ осы елдегі дәстүрлі Чхусок мейрамы қарсаңында жасалды.

Оңтүстік Кореяның қарулы күштер штабтары басшыларының комитеті өкілі "зымырандардың 210 километр ұшып, Шығыс Қытай теңізіне түскенін" хабарлады.

Сеул "Пхеньян сынаған зымырандардың тактикалық қарудың жаңа түрі екенін" айтады.

Оңтүстіккореялық Yonhap агенттігінің мәліметіне қарағанда, "осы жылдың басынан бері КХДР 19 сынақ өткізген, ол сынақтарда 111 зымыран атылған"

XS
SM
MD
LG