Accessibility links

Ресей: Мәскеу ЕО санкцияларына "жауап" қайтарады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Егер ЕО Ресейге жаңа санкциялар жарияласа, Кремль оған "жауап" қайтарады. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Осы министрліктің сайтында "Мәскеудің Брюссель жариялаған Еуропа кеңесі төрағасы Херман ван Ромпей мен Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозудың Ресейге қарсы шектеу шаралары туралы хаттарына назар аударғаны" жазылған. Санкция салынған күнде оған Ресейдің қалай "жауап" қайтаратыны нақты айтылмаған.

Ресей сыртқы істер министрлігі (СІМ) ЕО-ның санкция салатыны туралы мәлімдемесін "Минск келіссөздеріне жасаған реакциясы" деп қарастырады. Ресей СІМ-і "Осы арқылы ЕО Киевтегі "соғыс партиясын" қолдайтынын білдіріп, Минск келіссөздерінің қорытындысын есепке алмай отыр" дейді.

ЕО елдерінің өкілдері жақында Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға келіскен еді. Олар Ресейді Украинаға әскер кіргізді деп айыптайды.

ЕО санкцияларын дүйсенбі бекітетінін хабарлады. Дипломаттар "Бітім бұзылмаса, Ресей әскерін Украинадан алып кетсе, жаңа санкциялардың салынбауы мүмкін екенін" де ескертті.

Мәскеу Батыстың "Ресей сепаратистерді қолдап отыр" және "Украинаға әскер кіргізді" деген айыптауларын мойындамайды.

XS
SM
MD
LG