Accessibility links

Қапшағайдағы колониядан шу шықты


7 қыркүйек күні Алматы облысы Қапшағай қаласы шетіндегі Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің туыстары Азаттыққа хабарласып, мекемеге "6 қыркүйек күні ОМОН және әскер кіргізілгенін" хабарлады.

Бүгін тұтқындардың туыстары, 20 шақты адам колония қақпасы алдында тұр. Күйеуі жазасын өтеп жатқан, аты-жөнін айтудан бас тартқан әйел Азаттық тілшісіне:

- 20 адам тұрмыз. 150-дей тұтқын түрмедегі қатаң тәртіпке наразылық көрсетіп жатыр. Кеше колонияға көп әскер кіргізді. Олар кірген соң "көмектесіңдер", "өлтіріп жатыр" деген айғай-шу естідім. Күйеуімнің өлі-тірісін білейін десем, көрсетпейді, - дейді.

Туысы жаза өтеп жатқан тағы бір әйел (аты-жөнін айтудан бас тартты) де "Әскер кеше таңғы сегізде кіріп, қас қарая шыққанын, олар кірген соң түрме ішінен "көмектесіңдер" деген айғайлар естігенін" айтады. Оның сөзіне қарағанда, кейбір "наразы тұтқындар тамырларын кескен".

Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өзін "Мұхтар" деп таныстырған кезекшісі:

- Кеше 30 адамды басқа түрмеге ауыстыру үшін алып кетті. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен сондай нұсқау түсті. Әскер кіріп, тұтқындарды ұрды деген ақпарат жоқ. Толық мәліметті дүйсенбі басшылықтан біліңіз. Басқа ақпарат бере алмаймын, - деді.

Қазақстанда колонияларда жазасын өтеушілердің наразылығы оқтын-оқтын болып тұрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG