Accessibility links

Украинадағы әскери қылмыстардың есебі жарияланды


Донецк облысы Дебальцево кенті жанындағы Украина әскері. 5 қыркүйек 2014 жыл.

Донецк облысы Дебальцево кенті жанындағы Украина әскері. 5 қыркүйек 2014 жыл.

Amnesty International құқық қорғаушы ұйымы Украинада үкімет әскері мен сепаратистер жасап жатқан әскери қылмыстардың көбейгенін мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар «Қақтығысып жатқан тараптар ұрыс кезінде бейбіт адамдардың өмірін сақтауға тырыспаған» дейді. Есепте «адам ұрлау, азаптау, кісі өлтіру фактілері» туралы да айтылған.

Amnesty International бұдан бөлек, Украинада Ресей әскерінің жүргенін көрсететін жер серігі түсірген фотоларды жариялады.

Amnesty International-дің Украинадағы зерттеушісі Хитер Макджил Азаттыққа "Ресейдің сепаратистерге қару және өзге де көмек көрсеткені қақтығыстардың ушығуына әсер еткенін" айтады. Құқық қорғаушылар "Ресей әрекеттері кесірінен Украина дағдарысы халықаралық қарулы қақтығысқа ұласқанын" атап өткен.

Есеп Украина үкіметі мен сепаратистердің атысты тоқтату туралы бітіміне дейін әзірленген. Мәскеу Киев пен Батыс елдерінің "сепаратистерді қолдады және Украинаға әскер кіргізді" деген айыптауларын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG