Accessibility links

Украинаның екі жауынгері босатылды


Қолға түскен Украина әскеріне сепаратистер көше тазалатып жатыр. Донецк облысы, 29 тамыз 2014 жыл.

Қолға түскен Украина әскеріне сепаратистер көше тазалатып жатыр. Донецк облысы, 29 тамыз 2014 жыл.

Украина президентінің баспасөз хатшысы Святослав Цеголко "сепаратистердің қолға түскен Украина жауынгерлерін босата бастағанын" айтқан. Бұл туралы "Украинская правда" газеті хабарлады.

Цеголко 7 қыркүйекке ауған түні "Меловое" бақылау пунктінде сепаратистер екі қатардағы жауынгерді тапсырды» деген.

Мұның алдында өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" "премьер-министрі" Александр Захарченко Украина армиясы мен сепаратистердің "сенбі және дүйсенбі аралығында өзара тұтқын алмасатынын" мәлімдеген еді.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің мәліметіне қарағанда, сепаратистер 200-ден аса Украина жауынгерін кепіл тұтқында ұстап отыр.

Минскіде 5 қыркүйек күні Украинаның шығысындағы жағдайды реттеу үшін құрылған байланыс тобының отырысы өтті. Жиында атысты тоқтату және тұтқындар алмасу туралы хаттамаға қол қойылды. Украина президенті Петр Порошенко сол күні тұтқын алмасу сенбі күні іске асатынын айтқан еді.

XS
SM
MD
LG