Accessibility links

Пәкістан мен Үндістанда тасқыннан жүздеген адам қаза тапты


Пәкістандық отбасы су тасқынын болған аймақтан көшіп барады. Лахор, 4 қыркүйек 2014 жыл,.

Пәкістандық отбасы су тасқынын болған аймақтан көшіп барады. Лахор, 4 қыркүйек 2014 жыл,.

"Үндістан мен Пәкістанның солтүстігінде нөсер жауын мен лай көшкінінен 300-ге тарта адам құрбан болды" деп хабарлайды Associated Press. Кашмир аймағының Үндістан жағында бес күнде 120-дан астам адам, көршілес Пәкістан жағында 160-тан астам адам мерт болған.

Үндістанда 450 елді мекенді су басып, табиғи апаттан екі мыңға тарта елді мекеннің тұрғындары зардап шеккен. Пәкістанда төрт мыңнан астам үй қирап, мыңдаған адам баспанасыз қалды.

Екі елде құтқарушылар тікұшақтар мен қайықтар көмегімен су басқан үйлеріне шыға алмай қалған мыңдаған адамды құтқарып жатыр.

Үндістан мен Пәкістанда жыл сайын маусымнан қазан айына дейін созылатын жаңбырлы мезгілде су тасқыны болады. Биылғыдай су тасқыны соңғы төрт жылда болмаған. 2010 жылы Пәкістанда болған тасқыннан 1 мың 700-ге тарта адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG