Accessibility links

Киевке қару-жарақ беретін елдер анықталды


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) НАТО саммитінде. Уэльс, 4 қыркүйек 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) НАТО саммитінде. Уэльс, 4 қыркүйек 2014 жыл.

Украина Уэльсте өткен НАТО саммитінде АҚШ, Франция, Италия, Польша және Норвегиядан қару-жарақ тасымалдау туралы келісім жасасты. Бұл жайында хабарлаған Украина президентінің көмекшісі Юрий Луценко Facebook-тегі парақшасында аталған елдер Украина армиясын оқыту үшін әскери кеңесшілер жіберетінін де жазды.

НАТО саммитінде сөйлеген Украина президенті Петр Порошенко альянсқа мүше кейбір мемлекеттер Украинаға жоғары дәлдіктегі қару-жарақ жеткізуге уәде бергенін хабарлаған. Бірақ ол нақты қай елдердің әскери көмек көрсетуге даяр екенін ашып айтпады.

5 қыркүйек күні Минскіде өткен Украина дағдарысы жөніндегі Киев, Ресей, ЕҚЫҰ және өзін-өзі жариялаған Донецк мен Луганск "халық республикаларының" өкілдері Донбасста қақтығысты тоқтату туралы келісім жасасқан.

XS
SM
MD
LG