Accessibility links

Зарина Дияс әлемнің үздік 40 теннисшісі қатарына енді


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жариялаған жаңартылған рейтингте 40-орынға көтерілді. Зарина Дияс бұған дейін, тамыз айындағы рейтингте 48-орында болған.

Қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведова тамыз айындағы рейтингтегі 51-орыннан 63-орынға төмендеген.

20 жастағы Зарина Дияс - Үлкен шлем турнирінің 8/1 финалына шыққан тұңғыш қазақ теннисшісі. Биылғы Уимблдон турнирінде де ол ерекше назарға ілініп, әлемнің 60 үздік теннисшісі қатарына енді.

Теннисшілердің жеке рейтингінің басында америкалық Серена Вильямс тұр. 2-орында - Румыния спортшысы Симона Халеп. 3-орынды Чехия теннисшісі Петра Квитова иеленді. Ол бұған дейін 4-орында болған еді.

Жұппен өнер көрсетушілердің WTA рейтингінде Шведова 24-орыннан 23-орынға көтерілсе, Дияс - 323-орыннан 118-орынға жоғарылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG