Accessibility links

Иранның рухани көсеміне операция жасалды


Иранынң жоғарғы рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей.
Иранынң жоғарғы рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей.

Иранның IRNA агенттігі осы елдің рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің қуық безіне операция жасату үшін ауруханаға түскенін хабарлады. Операция Тегерандағы үкіметтік ауруханада 8 қыркүйек күні таңертең "сәтімен" жасалған.

75 жастағы Аятолла Әли Хаменеи Ирандағы барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелерде соңғы шешімді қабылдайды. Ол 1989 жылдан бері Иранның жоғарғы рухани көсемі болып отыр.

Иранның мемлекеттік телеарнасы Хаменеи операцияға дейін ем шарасына қатысты "ешқандай алаңдаушылығы жоқ екенін" айтқан дейді.

Иран мемлекеттік БАҚ-тарында рухани көсемнің денсаулық жағдайы туралы көп хабарлана бермейді.

XS
SM
MD
LG