Accessibility links

"Шекара бұзған" Қытай азаматтары сотталды


Қзаақстан-Қытай шекарасындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекеті. (Көрнекі сурет).

Қзаақстан-Қытай шекарасындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекеті. (Көрнекі сурет).

Алматы облысында Қытайдың үш азаматы "шекараны заңсыз кесіп өткені үшін" сотталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің 8 қыркүйекте хабарлауынша, Райымбек аудандық 2-соты қытайлық үш азаматтың әрқайсысын қылмыстық кодекстің "Қазақстан мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өту" бабы бойынша бір жарым жылға соттаған.

Соттың дерегі бойынша, қытайлық үш азаматты Райымбек ауданының "Нарынқол" шекара заставасындағы бөлігін әдейі кесіп өткен, ол азаматтардың тиісті құжаттары мен рұқсаттары болмаған.

Сотталғандар жазасын жалпы режимдегі түзеу колонияларында өтейді.

XS
SM
MD
LG