Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкцияларын мақұлдады


Еуропа кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей.

Еуропа кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей.

Еуропа Одағы (ЕО) Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды мақұлдады. Бұл жайында хабарлаған Еуропа кеңесінің басшысы Херман Ван Ромпей санкциялардың таяу күндері күшіне енетінін айтты.

Бұған дейін Брюссель ЕО елдері өкілдеріне қосымша талқылау жасауға мүмкіндік беру үшін санкция салу шешімін кейінге қалдырғаны хабарланған еді.

Херман Ван Ромпейдің айтуынша, санкция ЕО-ның ресми журналында жарияланған соң күшіне енеді. Әзірше 5 қыркүйекте Минскідегі келіссөздерде жасалған бітімнің сақталуын бақылау үшін қосымша уақыт қажет.

Еуропалық дипломаттардың айтуынша, жаңа санкциялар бойынша ЕО мемлекеттерінің ресейлік "Роснефть", "Транснефть" және "Газпром" сияқты ірі энергетикалық компанияларға несие беруіне және қаржыландыруына тыйым салынбақ.

XS
SM
MD
LG